Қазақстандық теннисші Венгриядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді. Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетованың Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде алтыннан алқа таққанын жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

