Қазақстандық теннисші Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) рейтингінде жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңартылған тізімде Путинцева бір саты жоғары көтерілді. Қазір Юлия рейтингте 22-орында. Спортшының еншісінде 2138 ұпай бар.
Ал Қазақстанның бірніші нөмірлі ракеткасы Елена Рыбакина тізімде өз орнын сақтап қалыпты. Қазақстандық ару қазір әлемнің жетінші ракеткасы.
Ал әлемнің бірінші нөмірлі спортшысы Белорус аруы Арина Соболенко. Екінші сатыға польшалық Ига Швентек жайғасқан. Ал үздік үштікті АҚШ спортшысы Кокок Гауф түйіндеп тұр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

