Қазақстандық теннисші ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші бразилиялық Карлин Мартинешті 6:1, 6:3 есебімен ұтқан отандасымыз екінші айналымда да испаниялық Виктория Гоместен дәл осындай есеппен басым түскен еді. Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Құламбаева Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жеткен еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

