Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Аргентинадағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 ширек турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уергомен жұптасып, Аргентинадағы Пилар қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына өтті. Жібек пен Николь алғашқы айналымда олар жергілікті Карла Маркус пен Лучиана Мояно жұбына қарсы ойнап, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді отандасымыз 25 қыркүйекте жекелей сайыста чилилік Фернанда Лабранаға қарсы ойынын бастайды.

Айта кетейік, бұған дейін Зарина Диястың WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өткенін жазған едік. 

Талқылау