Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP турнирлерінің жартылай финалына 20-рет жолдама алды

Әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Қазақстан өкілі Александр Бублик кәсіби мансабында 20-рет ATP санатындағы турнирдің жартылай финалына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 шілде күні Кицбюэльде (Австрия) өтіп жатқан ATP-250 топырақ жабындысындағы жарыстың ширек финалында Бублик тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченконы 6:4, 6:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Айта кетейік, кездесу жауынға байланысты бірнеше рет тоқтатылған болатын. Турнирдің жалпы жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды.
Келесі айналымда Бублик Нидерланд спортшысы Ботик ван де Зандсхулппен кортқа шығады.
Еске сала кетсек, бұл турнирдің 2024 жылғы жеңімпазы — италиялық Маттео Берреттини. Ол шешуші финалда француз Юго Гастоннан 7:5, 6:3 есебімен басым түсіп, чемпион атанған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

