Қазақстандық тележурналист Диля Ибрагимова өмірден өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандық тележурналист Диля Ибрагимова қайтыс болды. Ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізген журналист 48 жасында сырқаттан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналистің қазасына байланысты оның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
“Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Ол қазақстандық спорт журналистикасындағы ең танымал әрі сүйікті тұлғалардың бірі болды. Ол отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосты. Кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас ұрпаққа үлгі бола білген Диляның жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз”, — делінген ведомство хабарламасында.
Тамыз айының басында тележүргізуші сырқатқа шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы ол өзі жазып, оқырманнан көмек сұрады. Сол кезде дәрігерлер оның нақты диагнозын анықтай алмай жүрген.
“Время” басылымына берген сұхбатында ол Facebook парақшасын бірнеше жазба жариялаған соң 2 миллион теңге қаражат жиналғанын айтқан.
Диляның сырқаты жиі есінен тану, бас айналу және әлсіздіктен басталған. Кейін қозғалысуы қиындап, аяқтары жүруден қалған. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Кейін оған күнделікті екпелер қажет болып, ал өздігінен жүре алмай қалды. Журналисттің өзі ауруының себебін жүйкеден деп ойлаған. Оған прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия деген диагноз қойылды.
Айтуынша, дәрігер тексеруден кейін қорытындының көңіл көншітпейтінін жеткізген.
“Онкология болғаны жақсы болар еді, өйткені оны кесіп алуға немесе лазермен жоюға болады. Ал менің ауруым, отаға жасауға келмейді және емі жоқ, СПИД сияқты”, — деген екен жүргізуші.
Журналист бастапқыда Тибетке барып емделмек болған, алайда дәрігерлер жағдайының нашар екенін ескерткен соң бұл ойынан қайтқан. Сөйтіп ол Президент іс басқармасының Медорталықтағы орталық клиникалық ауруханасында емделуге бел буған, бірақ мұнда да бәрі оңалып кетпеді, бірнеше саусақтарын сындырып алды, кейін жол апатына ұшыраған.
Диляны тағы бір сынақ күтіп тұр еді. Ол ұлын аутистикалық спектр деген диагноз қойылды. Сондай-ақ ол үнемі күтімге мұқтаж болды. Баланың емі Диляның денсаулығына да оңай тимеді, Стресс салдарынан оның жағдайы нашарлай берді.