Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір боксшы допинг дауына ілікті

допинг

Фото: ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасының белді боксшысы Дулат Бекбауов допинг дауына ілікті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпаратты Халықаралық Олимпиада комитетіне қарайтын Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ресми түрде жариялады.

Агенттіктің дерегінше, Бекбауов соңғы 12 ай ішінде допинг-бақылау мамандарына өзінің орналасқан жері туралы нақты мәлімет бермеген.

Осының салдарынан оған екі жылға спорттан шеттету жазасы қолданылды. Шектеу 2025 жылғы 18 қарашадан бастап 2027 жылдың 17 қарашасына дейін күшінде болады.

Айта кетейік, бұл дисквалификация тек әуесқой боксқа қатысты.
Дулат Бекбауов 2025 жылдың шілде ойында кәсіпқой бокста дебют жасады. Бұл шектеудің кәсіпқой боксқа еш әсері жоқ.

Дулат Бекбауов 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар 2022 және 2024 жылдары Азия чемпионатында екі мәрте күміс медальға ие болған.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 17:23