Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали халықаралық турнирде топ жарды

Батырхан ТөлеуғалиФото:ҰОК/Батырхан Төлеуғали

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Turkiye Open-2026 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

87 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыс барысында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, топ жарды.

Бұдан бөлек, 46 келіде Айдана Құмартаева финалға дейін жеткенімен, шешуші сында жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ ерлер арасында Абылайхан Мергенбай мен Эльдар Бірімбай да күміс медаль иеленді.

Ал таеквондодан елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Бейбарыс Қаблан қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, дзюдодан тағы төрт спортшымыз 53 келіде Нодира Ахмедова мен Айдана Сүндетбай, 57 келіде Назым Севостьянова және 73 келіде Назым Махмұтова қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали 2024 жылы Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған ең жас спортшы атанған. Сондай-ақ ол 2025 жыл Кенияның Найроби қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 00:57