Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық студент Ресейде лаңкестік әрекетке қатысты күдікке ілінді – БАҚ

Фото: Facebook.com/azaryan.garik

23 жастағы қазақстандық Гарри Азарянды Санкт-Петербургте терроризмге үгіттеп, мемлекеттік құрылымды өзгертуге үндеді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті Ротонда Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің құқық қорғау органдары Гарри Азарянның үйін тінту кезінде "пропагандалық материалдар" табылғанын мәлімдеді. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Азарянның леворадикалды "Еңбек билігі" қозғалысының жиындарында революция, таптық өшпенділік және "көшенің күші" туралы айтылған сөздер қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Бір бейресми кездесуде студент көп адамды өлтіруге және билікті өзгертуге шақырған деген ақпарат бар. Іс материалдарында оның сөздерінің жазбасы бар. Қазір оны қамауға алу туралы шешім қабылданып жатыр. Алайда ресми айып тағылған жоқ.  

"Еңбек билігі" қозғалысының өкілдері істі жасанды әрі саяси астары бар деп санайды. Олардың айтуынша, аталған жиналыс бейбіт, соғысқа қарсы акция болған. Белсенділер қазақстандық студентке халықаралық қорғауды қамтамасыз етуін талап етіп жатыр.

Былтыр тамызда Мәскеуде әскери комиссариатты видеоға түсіріп жатқан тағы бір қазақстандық ұсталған еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 16:33
Талқылау