Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студент Ресейде екі жылға сотталды

Фото: facebook.com/azaryan.garik

Ресей соты қазақстандық студентті терроризмді ақтағаны үшін 2 жылға соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТАСС басылымының мәліметінше, әскери сот Қазақстан азаматы Гарри Азарянды “терроризмге жария түрде шақыру, оны насихаттау немесе ақтау” бабы бойынша 2 жылға қоныс-колонияға бас бостандығынан айырған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылдың–ақпан айларында солшыл радикалды “Рабочая власть” тобының көшбасшыларының бірі болған Азарян ұйым қатысушыларының жиынында сөз сөйлеген. Қазақстандық студентке осы жиындағы өз баяндамасында “Ресейде билікті күшпен басып алуды ақтады”, “жаппай кісі өлтіруді қолдайтынын білдірді” деген айып тағылған.


Ресейге жұмыс істеуге барған қазақстандықты Мәскеу полициясы ұрып-соғып, Украинадағы соғысқа жібермек болған

Желіде қазақ қыздарын қорлайтын сөздер айтқан шетелдік блогерлерге қылмыстық іс қозғалды


Студенттің баяндамасының видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Еске салсақ, 2025 жылдың мамыр айында Ресейде қазақстандық студент лаңкестік жасауға әрекет етті деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 19:31