Қазақстандық спортшы өзбекстандық нокаутшыны ұтып, әлем чемпионы атанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Бауыржан Қуанышбаев Octagon 64 турнирінде өзбекстандық қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Octagon 64 турнирінде қазақстандық ММА шебері Бауыржан Қуанышбаев өзбекстандық нокаутшы және Octagon лигасының чемпионы Ислам Болтаевқа қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Қос спортшы өзбекстандық жауынгерге тиеслі орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салып, 5 раундтың қорытындысы бойынша Бауыржан қарсыласынан басым түсті. Осылайша, отандасымыз Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Бауыржан Қуанышбаев шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, соның он сегізінде жеңіске жетсе, алты рет қарсыласқа есе жіберген.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

