Қазақстандық Solidcore компаниясы алтын бағасының өсуіне байланысты шығындарын жабуды жоспарлап отыр
Фото: expochel.ru
Solidcore компаниясы алтын бағасының өсуіне байланысты өндірістің азаюынан келетін шығындарын жабуды жоспарлап отыр. Биыл Ресейге концентрат жеткізуге кедергі болған санкциялар салдарынан өндіріс төмендеді. Дегенмен алтын бағасының қымбаттауы мен акцияларды сатудан түскен кіріс компанияға бұл шығынның бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл алтын бағасы шамамен 40% өсті. Өткен аптада 1 унция алтын 3 673,95 доллар (1 988 598 теңге) болды. Бұл АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін деген болжамнан болды. Solidcore бұрын Ресейдегі активтерін сатқан еді. Бірақ АҚШ рұқсатымен алтын концентратын Ресейде өңдеуге жіберуді әлі жалғастырып жатыр.
Жоғары бағалар мен сатылымдар компанияның табысын 2024 жылы екі есе арттырды. Бірақ санкциялар әсерінен концентрат жеткізу қиынға соғып, осы жылдың алғашқы жартысында пайда 58%-ға төмендеді.
"Дегенмен, жағдай шілде-тамызда жақсарды", – дейді компанияның бас директоры Виталий Несис.
Компания 2026 жылдың басында қорларын сатуды жоспарлап отыр.
"2025 жылы алтын бағасының өсуі өндіріс азаюын өтейді", – деді ол.
Бірақ алтын бағасы әрдайым осылай өсіп тұра бермейді.
"Баға төмендеп, жыл соңына дейін шамамен 3200 доллар (1 732 064 теңгеге) түсуі мүмкін. Жоғары бағалар компанияны Орталық Азиядағы жаңа мыс пен алтын кендерін сатып алу жоспарын кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Екі келісім де қиын жағдайда тап болып отыр. Бағалар көтеріліп кеткендіктен біз өз ұсынысымызды арттыра алмай отырмыз", – дейді ол.
Компания Ресейге концентрат жіберуді өз зауыты "Ертіс" 2028 жылы іске қосылғанша жалғастыра береді.
Сонымен қатар компания халықаралық институттардан 2026 жылдың басында зауытқа шамамен 500-600 миллион доллар (270-324 миллиард теңге) қаржы тартуды жоспарлап отыр. Мәміле екінші тоқсанда аяқталуы мүмкін.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әйел 13,5 миллион теңгелік алтынды жыныс мүшесіне салып өтпек болған
Депутат сирек кездесетін металдардың Қазақстаннан заңсыз шығарылып жатқанын айтып, дабыл қақты
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне кандидат Джули Стафф сенат тыңдауында Қазақстанның стратегиялық маңызын атап өтті. Елші елімізде АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды сирек минералдардың жартысына жуығы бар екенін айтты. Стафф америкалық инвестицияларды арттыруды және Қытай инвесторларының ықпалын азайтуды басты мақсаттарының бірі ететінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін қолдауды, сауда мен қорғаныс саласында ынтымақтастықты нығайтуды да басты бағыт ететінін жеткізді.

"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
