Қазақстандық шахматшылар тарихи жетістікке қол жеткізді

Испанияның Линарес қаласында өткен әйелдер арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстандық шахматшылар 2 алтын және 1 қола жүлде жеңіп алып, тарихи нәтиже тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жекелей сында ел намысын қорғаған Меруерт Камалиденова оқ бойы оза шауып, екінші тақтада чемпион атанды.
Ал Эльназ Қалиахмет алтыншы тақтада үздік ойын көрсетіп, тағы бір алтын жүлдені еншіледі. Бесінші тақтада Зарина Нұрғалиева үздік үштікті түйіндеп, қола медаль иеленді.
Жерлестеріміз командалық сайыста да жақсы өнер көрсетті. Алайда Қазақстанның үздік шахматшыларының бірі Бибісара Асаубаева денсаулығына байланысты турнирді жалғастыра алмады. Соның салдарынан қола үшін тартыста құрамамыз Қытай командасына 5:3 есебімен жол берді.
Командалық есепте Ресей құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ал жүлделі екінші орынды Әзербайжан құрамасы еншіледі. Бұл — Әзербайжан әйел шахматшыларының тарихындағы алғашқы ірі жетістік.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"

