Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ұстаз балалардың шетелдік мектептерде оқуына қарсы шықты

Тарих пәнінің мұғалімі Дана Рау әлеуметтік желідегі белсенді азаматтардың тек 0,0001%-ы ғана шетелдік мектептерде оқуға рұқсат сұрап отырғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұстаз

Бұл жөнінде белсенді мұғалім өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Егер біз өзіміз Қазақстан азаматы болсақ, онда балаларымыз, кішкентай азаматтарымыз да, азаматтығына қатысты елде базалық білім алуы тиіс және міндетті. Кішкентай азаматтардың санасында Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыру керек - деп санайды тарих пәнінің ұстазы. 

Сарапшы балаларын шетелдегі мектептерде оқытуды жоспарлап отырған ата-аналар жайлы сөз етті.

"Жеке популистердің білім беру саласына қатысты жарияланымдарының жетегімен әлеуметтік желілердегі адамдар не болып жатқанына талдау жасамай-ақ, біресе ана пікірге, біресе мына пікірге қосыла салады. Бұл - қалыпты жағдай. Тіпті, қазірдің өзінде кейбіреулер қабылданған заңнамалық өзгерістердің байыбына бармай жатып, қолдау білдіріп, бастарын шұлғып отыр. Балаларын келешекте тек шетелдік мектептерде оқытқысы келетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналар бар екен. Олар ата-аналарға Конституцияда көрсетілген нормаларды орындауға міндеттейтін Заң бар екенін естеріне енді ғана түсіргендей. Дегенмен барлық жастағы балаларға, тіпті жөргегінен бастап, шетелдік мектептерде қосымша білім алуға ешкім тыйым салған жоқ қой. Мейлі ол Марста немесе басқа ғаламда болсын, қосымша білімді кез келген елде ашықтан алуға болады", – дейді Дана Рау өз жазбасында. 

Педагогтің есебі бойынша, Facebook әлеуметтік желідегі белсенді халықтың тек 0,0001%-ы ғана шетелдік мектептерде оқуға рұқсат сұрап отыр. 

"Мен әлеуметтік желілерді қарап шықтым. Петицияға қол қоюшыларға да көз жүгіртіп өттім. Егер Facebook әлеуметтік желісіндегі Қазақстан резиденттерінің саны шамамен 2,5 млн адамды құраса, пікірлер мен үн қатуларды (номаға қарсылар 6-10 адам ғана), сондай-ақ, БҒМ атына жазылған петицияға қол қойғандардың санын ескерсек (барлығы 512 адам қол қойған), шетелдік мектептерде балаларды оқытуға рұқсат беруді талап ететіндердің саны әлеуметтік желіні пайдаланушылардың тек 0,0001%-ын ғана құрайды", - деп атап өтті Дана Рау. 

Естеріңізге сала кетсек, Конституциямызға сәйкес азаматтар міндетті болып табылатын және мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін орта білім алуы тиіс. Ал қосымша білім алу әрбір баланың жеке құқығы болып табылады. Балалар қосымша білімде елімізде де, одан тыс жерлерде де кез-келген нысанда, соның ішінде қашықтан да ала алады.

Талқылау