Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Сабина Мамадиярова Түркияның Хатай қаласында үйіндінің астынан табылды

Қазақстандық Сабина Мамадиярова Түркияның Хатай қаласында үйіндінің асттынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Сабина Мамадиярова үйіндінің астынан аман шыққан, тек қыздың қолы сынған көрінеді.

“Қазақстандық Сабина Мамадиярова Хатай қаласына әріптестерімен барған. Бүгін қиранды астынан шығарылып, құтқарылған қыздың қолы сынған екен”, –дейді Ирина Советжанқызы.

Журналист Асқар меңдібай да бұл жаңалықппен бөлісті. 

“Жерлесіміз Сабина Мамадьярова аман! Аллаға шүкір! Ол бір-екі сағат бұрын Хатай қаласында үйінді астынан шығарылды! Әзірге қыздың қолы сынғаны анық! Қазір ол ауруханада! Бұл туралы қайғылы оқиға орнына інісі Мирболатты іздеп барған Алмат Құрмашев айтты. Әзірге оның ағасы туралы ештеңе белгісіз. Бірақ Сабина мен әріптестері бір жерде тұрғаны белгілі болды”, – деп жазды ол.

Әзірге қалған отандастарымыздан хабар жоқ көрінеді.

“Қазір Сабина табылған маңайдан басқа қазақстандық азаматтар іздестірілуде. Алмат Құрмашев ағасы Мирболат Құрмашевтің жұмыс бабымен Түркияға кеткенін, ағасының қасында досы Әділ мен менеджері Сәбина Мамадиярова болғанын, жер сілкінген күннен бері байланыссыз қалғанын айтып, түрік еліне кеткен. Олар, ағасы мен достарының қай тұрғын үй кешеніне тоқтағанын, локациясын анықтаған. Сабина сол құлаған үйдің үйіндісі астынан табылған. Алматтың ағасы Мирболат пен Әділ де Сабина құтқарылған жерден табылса екен”, – деп жазды Индира Советжанқызы.

Талқылау