Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық өрмекші адам": Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі ерекше образымен елді таңғалдырды

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі видеограф Сәкен Кағаров ерекше образда видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Жұлдызды жұп қыз бен жігіт болып жүргендерін ашық жариялаған еді. 

“Менің өрмекші адамым. Сізге қазақстандық өрмекші адам образы ұнады ма? Ең керемет өрмекші адам", – деп жазды Айжұлдыз. 



Ерекше образбен елді таңғалдырған Сәкен Қағаров образ жасау кезінде қиналғанын жасырмады. 

"Өрмекші адам костюмінде жаңбырдың астында төңкеріліп тұрудың не екенін өзім түсініп, сезініп көрейін деп шештім. Достар, біздің жұмысымызды бағалаңыздар, әсіресе сахнаның артында қалған нәрселерді!", – деді видеограф.

Айта кетейік, Айжұлдыз бір күнде 30 мың теңге жарататынын жасырмаған еді. 

 

Талқылау