Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіл алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар Боливияның Сукре қаласында өткен халықаралық информатика олимпиадасында (IOI-2025) үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық дода екі турдан тұрды. Байқау нәтижесі бойынша мына оқушылар жүлдегер атанды:
• Максим Цой – Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
• Мансур Мамадахунов – Қызылорда облысындағы БИЛ-дің 10-сынып оқушысы – күміс медаль
• Әкежан Асқар – Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
• Даужан Бекетов – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – қола медаль.
Қазақстан командасының жаттықтырушылары:
• Темірлан Қайртұлы Сатылханов – Astana IT University
• Айбар Мұратұлы Қуанышбай – IITU (Халықаралық IT университеті)
Ұлттық құраманы халықаралық олимпиадаға дайындау және үйлестіру жұмыстарын "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүргізді.
"Оқушыларымыздың халықаралық білім аренасында осындай нәтижелер көрсетуі – еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін көрсетеді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
2025 жыл Қазақстан үшін сәтті олимпиадалық маусым болды. Қазақстандық оқушылар бірнеше халықаралық пәндік олимпиадаларда табысты өнер көрсетті:
• IChO – Химия
• IMO – Математика
• IPhO – Физика
• IBO – Биология
• IGeO – География
• IOL – Лингвистика
• IOI – Информатика
Биылғы IOI-2025 олимпиадасы Қазақстанның білім саласындағы халықаралық беделін тағы бір рет айқындады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алғанын жаздық. Ушу-таолу бағдарламасында Даниил Джеджула алтын медаль жеңіп, ел тарихындағы осы бағыттағы тұңғыш құрлықтық жеңіске қол жеткізді. Сонымен қатар ол қола жүлдеге де ие болды.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
