Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушы Халықаралық экономика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Қазақстандық оқушы Халықаралық экономика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен халықаралық экономика олимпиадасында (EO-2025) абсолютті чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

EO-2025 олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық іріктеуден өткен 100 мыңнан астам үміткер қатысты. Финалда 28 елден келген 128 мықтылар бақ сынады. Олар экономика мен қаржы саласындағы ең күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды – нақты жағдайларды талдаудан бастап шешімдерді модельдеуге дейін орындады.

Батырхан жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алып, АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Чехия, Грекия және басқа да елдердің қарсыластарын артта қалдырды.

“Мен үшін ең бастысы – жаңа нәрсе үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Өз жетістіктеріммен замандастарымды шабыттандырғым келеді”, – дейді Батырхан.

Айта кетейік, Батырханның қоржынында бірқатар жетістіктер бар:

  • Экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдесі,
  • Экономикадан халықаралық олимпиаданың (IEO-2024, Гонконг) қола жүлдесі,
  • IEO-2025 (Әзербайжан) алтын жүлдесі,
  • EFI олимпиадасындағы жеңіс (Нархоз, Қазақстан).
  • Кезекті – жеңісі EO-2025 абсолютті алтыны.

“Батырхан Мұхтархан – жаңа буын зияткерлерінің жарқын өкілі. Оның жетістіктері тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы беделін арттырды”, – деп жазды Оқу-ағарту министрлігі.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 07 Қыркүйек, 2025 20:04
Талқылау