Қазақстандық нысана көздеушілер Азия Кубогында 2 алтын жеңіп алды
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия Кубогында нысана көздеуден Қазақстан құрамасы 3 жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жекелей сында Юрий Юрков алтын жүлдені ұтты. Дәл осы бәсекеде Никита Шахторин қола жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ командалық сайыста Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Бұл бәсекеде ел намысын Константин Малиновский, Юрий Юрков пен Никита Шахторин қорғады.
Бұған дейін, қазақстандық спортшылар Тайландта өтіп жатқан бәсекеде 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді. Әзірге Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша жалпы есепте 1-орында тұр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр

