Қазақстандық мүсінші өлтірілген Пшөн есімді итке арнап ескерткіш жасап жатыр (видео)
Қазақстандық шебер Атырау облысында су тасқыны кезінде аты шығып, 2024 жылы желтоқсанда өлтірілген Пшөн есімді итке арнап ескерткіш жасап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пшөнге арналған металл мүсінді шебер Азамат Кенжеғалиев жасап жатыр.
Ол Instagram парақшасында жүректерден тұратын ит фигурасын жасау процесінің бірнеше видеосын жариялады. Шебер бұл жұмысқа иттің өлімі туралы хабарды естіген соң кіріскен.
Еске салайық, Атырау облысында су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен итті атып кеткені туралы хабарлаған едік. Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты. Пшөн туғаннан Атырау облысы Сарытоғай ауылында Зәмзәгүл апайдың отбасында өскен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"