Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық Моника Беллуччи": Маңғыстаулық полиция қызметкері желі жұлдызына айналды

Видеодан скрин

Маңғыстаулық полиция қызметкері бірнеше секундтық видео арқылы желі жұлдызына айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде әйел полиция қызметкері мен бөлімшеге келген әйелдің арасындағы келіспеушілік түсірілген видео тарады. Желі қолданушылары видеодағы полицейді қолдап қана қоймай, оның сабырлығына және камера алдында сенімді тұрысына таңданыс білдірді. Кейбір пікір қолданушылары оны "қазақстандық Моника Беллуччи" деп атап кетті. 

Видеодағы полиция қызметкері Лейла Саидова 41 жаста, 17 жылдық еңбек өтілі бар. 

Қазір ол Маңғыстау облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы штабының аға инспекторы болып жұмыс істейді. Сараптамалық құжаттарды дайындау, стратегиялық шешімдер қабылдау, ақпараттық қамтамасыз ету – барлығы оның жауапкершілігінде.

Желіде тараған видеодағы келіншек басқармаға жеке шаруаларымен келген. Басқармада келуші әйел мен полиция подполковнигі Саидованың арасында келіспеушілік туындап, әйел Лейладан қызметтік куәлігін көрсетуін талап еткен. Кейін бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Қазақстандықтар видеодағы келіспеушіліктерге емес, полиция қызметкерінің сұлулығына көбірек назар аударған. Желі қолданушылары қызметкердің сабырлылығына тәнті болды. Кейбір пікір қалдырушылар оны аңызға айналған актриса Моника Беллуччиге ұқсатты. 

"Видео әлеуметтік желілерде пайда болатынын азаматша кеткеннен кейін бірден түсіндім. Мен өзім ұрысқан адам емеспін. Кішігірім жағдайларға мән бермеу дұрыс деп санаймын, мұндай оқиғалар уақытша ғана болады. Өзіңді күту маңыздырақ. Бірақ видеоның осындай резонанс туғызғанына қатты таң қалдым. Жеке мен өзімді Моника Беллуччиге ұқсатпаймын,өзімді ешқашан басқалармен салыстырған емеспін", – деді әйел. 

Лейла Саидова полиция қатарында қызмет ететін адам мықты мінезді, тәуелсіз, төзімді әрі ең бастысы әділ болуы тиіс деп есептейді. Дегенмен, тәртіп сақшыларының жиі провокация мен даудың нысаны болатыны көпшілікке аян. Ал Лейла бірінші рет осындай жағдайға тап болып тұрғанын айтады. 

"Әрине, бұған дейін де ұсақ-түйек жағдайлар болған, бірақ кез келген жағдайда мен жауапкершілігімді түсініп, сабырлы болуға, эмоцияға берілмеуге және нақты мәселелерді шешуге басымдық беремін. Бізді камераға түсірген кезде де барлық жауапкершілікті түсініп, сабырлы болып, эмоцияға ермеу және мәселенің шешіміне көңіл бөлу қажет", – дейді Лейла Саидова.

Әйел Моника Беллуччиға ұқсатылуы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтады. 

Лейла күнделікті өмірде отбасымен және достарымен көп уақыт өткізетінін айтады. Қазақстандық “Моника  Беллуччи” тұрмыста және бір ұлы бар. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 21:31
Талқылау
`