Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық миллионер Pepsi өндіруді тоқтатып, өз брендіне басымдық бермек

Фото: RG Brands компаниясы

RG Brands компаниясының иесі Қайрат Мажибаев Baitassov Live YouTube арнасына берген сұхбатында PepsiCo корпорациясымен 25 жылдық серіктестікті аяқтағанын мәлімдеді. Енді компания өз өнімдерін дамытуға басымдық бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Курсив” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мажибаевтың айтуынша, RG Brands алдағы уақытта жаңа Salam Premium Colaсынды отандық сусын брендтерін дамытуды жоспарлап отыр.

“Біз PepsiCo-пен келісімді жақында ғана аяқтадық. Бұл әлемдік деңгейдегі ірі корпорация және біз осы 25 жылдық серіктестікке ризамыз. Мұндай ұзақ мерзімді ынтымақтастық мысалдары Қазақстанда көп емес, сондықтан әр күнімізді мақтанышпен еске аламыз”, – деді ол.

Кәсіпкердің сөзінше, соңғы үш жылда PepsiCo өнімдері Қазақстан мен Қырғызстан нарығында ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Алайда PepsiCo басқа нарықтарға шығып, жаңа өндірістерді иелене бастағандықтан, RG Brands компаниясының өнімдерімен тікелей бәсекелестік пайда болған.

“Әр тарап үшін өз жолымен жүру уақыты келді”, – деді Мажибаев.

Оның айтуынша, Pepsi сусындары компания сатылымының 30 пайызына тең, ал 70 пайызы RG Brands-тың өз өнімдеріне тиесілі болған.

Көп адам “Pepsi-сіз өмір бар ма?” деп сұрады. Біз үшін жауап айқын – бар. Біз брендтерді сатпаймыз, өзіміз жасаймыз”, – деп атап өтті кәсіпкер.

Мажибаев жаңа Salam Premium Cola сусынын шығаруға 15 ай уақыт кеткенін айтты. Бұл өнім компанияның халықаралық тәуелділіктен бас тартып, өз өндірісін дамытудағы жаңа дәуірінің символына айналғанын жеткізді.


Қазақстанның бай кәсіпкерлері мемлекетке миллиардтаған салық қарызын төлемеген


Қазақстанның ең бай құрылысшысы 32 миллиард теңге дивиденд алады


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Forbes журналы елдегі ең ықпалды бизнесмендердің 2025 жылғы тізімін жариялады. Биылғы рейтингке банкирлер мен құрылыс саласының өкілдерімен қатар, жас технологиялық қаржы қызметіндегі кәсіпкерлер және қоғамдық жобаларға белсенді араласып жүрген ірі меценаттар енді. Тізімге Қайрат Боранбаев та қайта қосылды. 

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 21:01
Талқылау