Қазақстандық мектептер мен университеттер әлемде алғаш болып ChatGPT Edu жүйесіне қосылады

Қазақстан әлемде алғаш болып OpenAI әзірлеген жаңа буындағы ChatGPT-тің пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
OpenAI алғаш рет ChatGPT Edu пилоттық жобасын іске қоспақ, ал оны енгізу үшін алғашқы ел ретінде Қазақстан таңдалды.
“Бұл жобаны жүзеге асыру үшін серіктес ел ретінде Қазақстанның таңдалуы – ұлттық білім беру жүйесінің жүйелі түрде жаңғыртылуымен байланысты. Онда жасанды интеллект негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған”, – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанда ChatGPT-ді мемлекеттік қызметте қолдануға рұқсат берілді
ChatGPT-дің көмегімен емделмек болған қазақстандық ауруын асқындырып алған
Жобаның мақсаты – жасанды интеллектінің ең озық технологияларының бірі ChatGPT-ді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру және білім беру жүйесінің әлеуетін нығайту. Жоба аясында Қазақстандағы білім беру ұйымдарына лицензиялар беру көзделген.
“ChatGPT Edu-ды пайдалану мектептер мен жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, оқу және әдістемелік материалдарды әзірлеуге әрі жаңартуға, жасанды интеллект саласындағы заманауи тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ оқу және әкімшілік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, – делінген министрлік хабарламасында.
Жобаны іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қазақстан ChatGPT негізіндегі пилоттық жобаны іске қосатынын мәлімдеген еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі