Қазақстандық маусымдық қарбызда нитрат бар-жоғын тексеріп көрді: Нәтиже таңғалдырды
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандық әйел қарбыздың құрамын әрі қауіпсіздігін тексеру үшін тәжірибе жасап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
YouTube желісінде жарияланған видеода әйел қарбыздағы нитрат пен нитрит мөлшерін анықтау үшін арнайы өлшегіш құралды қолданды.
"Биыл алғашқы қарбызды сатып алдық. Әрине, оның құрамындағы нитрат пен нитритті тексеруіміз керек. Қазір нитратөлшегішті қосамыз. Қарбызды жеуге бола ма, жоқ па, соны көреміз. Нәтиже шектен тыс жоғары. Норма – 60, ал бұл жерде 890! Шок! Шок! Мұны тастауға тура келеді. Ақша желге ұшты", – дейді әйел видеода.
Нитраттар мен нитриттер азот қышқылы (HNO₃) мен азотты қышқылдың (HNO₂) тұздары мен эфирлерінен тұратын бейорганикалық химиялық қосылыстар. Олар адам ағзасына тағам, су, шырын мен сүт арқылы түседі. Ағзадағы ферменттердің және ішек пен ауыз қуысында тіршілік ететін кейбір бактериялардың әсерінен артық мөлшердегі нитраттар әлдеқайда улы нитриттерге айналады.
Нитриттер қанға түскен кезде гемоглобинді қоңыр түсті метгемоглобинге айналдырады. Бұл зат оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдай алмайды. Соның салдарынан тіндік тыныс бұзылады. Аз ғана мөлшердегі метгемоглобин (шамамен 2%) ферменттердің әсерінен қайта гемоглобинге айналуы мүмкін. Алайда оның мөлшері қанда 30%-ға жетсе, улану басталады. Оның белгілері мынадай: тұншығу, жүрек айну, құсу, іш өту, жүректің жиі соғуы, шүйде тұсының ауруы, әлсіздік, қан қысымының төмендеуі байқалады.
Айта кетейік, бұған дейін қарбызды нанмен бірге жеудің зияны анықталғаны туралы жазған едік.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
