Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тезірек сату үшін қарбалас тудырып жатыр": Өнеркәсіп министрлігі қазақстандықтарды пәтер алуда асықпауға шақырды

Фото: pixabay.com

Нарықта құрылыс компаниялары келер жылдан бастап ҚҚСЖыл басы оңай болмайды – Тимур Сүлейменов қосылған құн салығының инфляцияға әсері туралы енгізілгенше, пәтерлерді қазіргі бағамен сатып алуды ұсынуда. Осыған орай Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевел “тұрғындарының пәтер алуға асығуы дұрыс па” деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр қарбаласқа түспеуге шақырды. Ол қазіргі сұраныстың жасанды екенін алға тартты. 

"Мен нарықтағы қарбаласты көріп отырмын. Мұны құрылыс компаниялары жасауы мүмкін. Олар пәтерлерін тезірек сатқысы келеді. Адамдар "тез сатып алуы керек" деп ойлайды. Ал бұл әрдайым бағаны көтереді", – деді министр.

Нағаспаевтың айтуынша, министрлік жеке құрылыс компанияларының бағасын тікелей реттей алмайды, баға нарықпен анықталады.

"Сұраныс болса, баға өседі. Сұраныс азайса, баға да төмендейді. Бұл – нарық заңы", – деп қосты ол.

30%-ға қымбаттайды деген болжамдарды министр артық деп санады.

"Бұлай қымбаттауға негіз жоқ. 30% немесе одан да көп деп айту дұрыс емес. Қазір бағаны көтеріп отырған тек қарбалас жағдайы", – деді ол.



Дегенмен, нақты бағаны болжау қиын.

"Бағаға әсер ететін факторлар көп, жағдай тез өзгеріп отырады", – деп қосты министр.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те “ешқашан қарбалас кезінде сатып алма" деген болатын. Ол экономикалық факторлар келесі жылдың басында бәсеңдеуі мүмкін екенін жеткізді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 14:29