Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық конькишілер Олимпиада ойындарында алғашқы ондыққа енді

коньки

Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл спорт түрінде ел намысын Надежда Морозова мен Елизавета Голубева қорғады. Жүлделер 3000 метр қашықтықта сарапқа салынды. Нәтижесінде Надежда Морозова алтыншы орынға ие болса, Елизавета Голубева оныншы болып мәреге жетті. Ал алтын медальді Италия спортшысы жеңіп алды. Сондай-ақ жүлделі үштікте Норвегия мен Канада спортшылары бар.

Еске салайық, Олимпиаданың алғашқы күнінде алты қазақстандық спортшы бақ сынаған еді. 

Шаңғышылар Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Анна Мельник және Ксения Шалыгина Олимпиадалық трассаға бірінші болып шығады. Олар 10 км классикалық стильде және 10 км еркін стильде 20 шақырымдық скиатлонда жарысады. 

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Ақпан, 2026 15:25