Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Әлем кубогында тағы да жеңімпаз атанды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезегінде тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Херенвенде өткен Әлем кубогында Кошкин 500 метрлік қашықтықта чемпион атанды. Қазақстандық спортшы мәреге 34,46 секундта жетті.
Күміс жүлдені Канада спортшысы Лорен Дюбрель еншіледі. Ол қашықтықты 34,51 секундта жүріп өтті. Қола медальды алаң иелері сапынан Дженнинг де Бу жеңіп алды.
Айта кетейік, Евгений Польшада өткен Әлем кубогында да 500 метрлік қашықтықта алтын жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ қазақстандық спортшы Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында күміс медаль еншілеген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

