Қазақстандық конькимен жүгірушілер Әлем кубогында қола жүлдені жеңіп алды
Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тартысты бәсеке Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өтті. Қазақстандық арулар соңғы кезеңде бесінші орынды алып, үш кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте үшінші орын алды.
Қазақстан командасының құрамында Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина өнер көрсетті.
Бұл жарыста бірінші орынды Польша құрамасы ұтса, екінші орынды Канада командасы иеленді.
Бұған дейін Калгари (Канада) қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы командалық спринтте қола медаль жеңіп алған болатын. Ол бәсекеде отандастарымыз Канада мен Польша командаларына жол берген еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

