Қазақстандық қыз Вьетнамда жоғалып кетті: Бұған дейін ол туыстарына өз аңдып жүргенін айтқан

Фото: instagram / @megapolis.kz
Қазақстандық Аубакир Әсемнің туыстары оның Вьетнамда жоғалып кеткенін мәлімдеді. Қыздың әпкесі Рузана Аубакирдің айтуынша, ол 2026 жылғы 6 наурызда Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақындарының айтуынша, Әсем Қазақстанға қайтып ұшпақ болған, алайда әуежайдағы таблодан өз рейсін таппаған. Туыстарының сөзінше, сол кезде ол екі тәулікке жуық ұйықтамаған және қатты қорқып, өзін біреулер бақылап жүргенін айтқан.
Отбасының мәліметінше, соңғы банктік операция 6 наурыз күні сағат 15:08-де тіркелген, бұл кезде таксиге қаржы төленіпті. Сондай-ақ жоғалар алдында қыздың америкалық әйелмен бірге түскі ас ішкені белгілі. Жақындарымен сөйлескен кезде оның сөзі түсініксіз болып көрінген, әрі олар оның біртүрлі күйде болғанын байқаған.
Туыстарының айтуынша, Әсем шамамен сегіз-тоғыз жылдан бері жалғыз саяхаттап жүр, алайда бұған дейін мұндай жағдай болмаған.
Отбасы Вьетнамдағы Қазақстан консулына жүгінген, алайда олардың айтуынша, демалыс күндеріне байланысты ресми рәсімдер тек дүйсенбі күні басталады. Жақындары Вьетнамда жүрген немесе қыздың қайда екені туралы ақпарат білетін адамдардан хабарласып, іздеуге көмектесуді сұрайды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік