Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз TikTok желісінде "алып қашты" деп айтқаны үшін жауапқа тартылды

Қазақстандық қыз өзін _алып қашты_ деп өтірік айтқаны үшін жауапқа тартылдыФото: ЖИ

Алматы облысында 15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де қыз “TikTok” әлеуметтік желісінде “мені алып қашып кетті” деп видео жариялаған. Ол бейнежазбаны көп қаралым жинау үшін салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтың алып қашу туралы видеосы желіде кеңінен таралып, адамдардың көбі мұның қыздың еркінен тыс жасалған деп түсінді. Бұл әрекеті үшін қыз сот алдында жауап берді.

“Сот отырысында азаматша К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді. Іс материалдарын зерделей келе, сот оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, алайда әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді”, – деп мәлімдеді Алматы облысы Қарасай ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.



Сот қаулысымен айыпталушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Алайда ол бірініші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағандықтан және жасаған әрекетіне өкінетіндіктен айыппұл сомасы 30 пайызға қысқарды. Соңынада ол 60 550 теңге айыппұл арқалады.

Қаулы заңда күшіне енген жоқ

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 13:40