Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз көшеден тауып алған темекіні шегемін деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

темекі

Фото: Freepik.com

Петропавлда қыз көшеден табылған темекіні шегіп, ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петропавл қалалық ауруханасының мәліметінше, ол дірілдеп, бас айналған.

"Науқастың айтуынша, ол көшеден табылған темекі шегіпті. Нәтижесінде есірткіге мас болып, экзогенді уланып қалды. Диагноз: анықталмаған заттардың уытты әсері, мас болу синдромы және орташа темір тапшылығы анемиясы", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Кезекші дәрігер мен жансақтау маманы дереу әрекет етіп, қызды дереу жансақтау бөліміне жатқызды.



"Науқас жансақтау бөлімінде 24 сағат бойы тәулік бақылауда болды. Содан кейін тағы төрт күн бойы жалпы медициналық бөлімде емделді. Жағдайы тұрақтанған соң үйіне шығарылды", – деп хабарлады аурухана.

Дәрігерлер белгісіз немесе тыйым салынған заттарды қолдану қауіп төндіретінін атап өтті.

"Тіпті бір рет шегіп көру ауыр улануға, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігіне, бақылауды жоғалтуға және өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін. Дененің реакциясын болжай алмайсыз. Кейде бір қате шешімнің құны тым жоғары болады", – деп ескертеді дәрігерлер.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 08:25