Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз донерден әйнектің сынығын тауып, аузы қанап кеткен

Мангал донер әйнек сынығыФото: 2GIS 

Қазақстандық қыз желідегі парақшасында танымал Mangal doner мейрамханасынан тапсырыс берген донерінде әйнектің сынығын тауып, аузын кесіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тағам жеткізу сервисі Glovo ақша қайтарды және мейрамхананы жазалайтынын айтты.

"Таңғы 04:00-те кезекті ауысымнан кейін шаршап, аш қарынмен әдеттегідей донерге тапсырыс бердім. Тамақты ләззатпен жеп отырсам, аузыма өткір нәрсе түсті де, қан дәмін сездім. Шығарып қарасам, әйнектің сынығы екен! Glovo сервисі мүлдем көмектеспеді", – деп наразы болды Threads қолданушысы @nuraaiiina.

Қыз оператормен болған чат скриншоттарын жариялап, шынымен ауызын қатты кесіп алғанын айтып, Mangal doner мейрамханасын жазалауды талап етті. Біраз уақыттан кейін қыз чаттағы жазбаны өшіріп тастаған.

Оператор оған донер ақшасын қайтарып берді және тергеуден кейін мейрамхананы айыппұлмен жазалайтынын уәде етті.

Кейбір пікір жазғандар Glovo-ны қорғап, сервис тағам сапасы үшін жауап бермейтінін айтты. Ал енді екіншісі қыздың наразылығын дұрыс деп қолдаған.

Редакция бұл мәселеге қатысты Mangal doner мейрамханасына сауал жолдады.


Ақтөбеде балалармен қоса сегіз адам сушиден уланып қалды


"Сұмдық жағдай": Тоқаев Маңғыстауда тамақтан уланып қалған балалар туралы айтты


Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында төрт адам донер жеп уланып қалды. Мағжан Жұмабаев ауданында "Жастар-2025" облыстық спартакиадасы кезінде үш бала мен бір ересек адам тағамнан уланып, Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Улану фактісі донер сатып алынған сауда нүктесінде болды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп, эпидемиологиялық зерттеу үшін барлық қажетті сынамалар алынды.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 15:24
Талқылау