Қазақстандық қыз 20 жылдан бері құжат ала алмай жүр: Ол құжатсыз оқуын аяқтап, баласын босанған

Маңғыстау облысында әйел қолында ешқандай құжаты болмай-ақ мектепте оқып, колледж бітіріп, тұрмысқа шығып, бала туған. 23 жастағы Жанылсын Сүгіралиева әлі күнге дейін жеке куәлік пен Қазақстан азаматтығын ала алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған оның туу туралы куәлігінің жоғалып кеткені себеп болған. Бұл құжатты отбасы Түрікменстаннан қоныс аударғаннан кейін, 2000-жылдардың басында табу мүмкін болмаған. Соның салдарынан қазір әйелдің ұлына да құжат берілмей отыр.
“Колледжді аяқтағаннан кейін маған диплом бермеді. "Алдымен құжаттарыңды әкел" деді. Мен АХАТ органдарына жүгіндім, Түрікменстанға құжат сұраттым, бірақ ол жақтан да менің тіркелмегенім туралы анықтама келді. Енді не істерімді білмеймін. Ұлымды дүниеге әкелдім, бірақ оған да туу туралы куәлік бермей отыр. Қазір 23 жастамын, маған жеке куәлік пен азаматтық өте қажет”, – деді Жаңылсын Сүгіралиева.
Әйелдің айтуынша, тек 2024 жылы ғана ол сот арқылы өзінің туу туралы куәлігін қалпына келтіре алған. Алайда бұл азаматтық алуға көмектеспеген. Мұндай жағдай өмірін айтарлықтай қиындатып отыр. Жанылсын толыққанды медициналық көмек ала алмайды әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігінен де айырылған. Соңғы үмітпен ол қайтадан қоғам белсенділері мен шенеуніктерге жүгінген. Осыдан кейін ғана оған көші-қон қызметінде назар аударылған.
Жанылсын Сүгіралиева Amanat партиясының қоғамдық қабылдауы арқылы біздің басқармаға жүгінді. Қазіргі уақытта оған әрі қарай қалай әрекет ету керектігі және қандай құжаттар қажет екені түсіндірілді. Алдымен ол азаматтығы жоқ тұлға ретінде құжат алуы тиіс. Одан кейін қайта өтініш беріп, Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алады”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Нұрасылов.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?