Қазақстандық киберспортшы 2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы атанды
Фото: instagram.com/hltvorg
Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко, бразилиялық FURIA командасының ойыншысы, HLTV нұсқасы бойынша CS2-де жылдың үздік жаңа ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл марапат HLTV Awards рәсімінде табысталды. Бұл – CS2 бойынша өткен жылдың үздіктері анықталатын жыл сайынғы сыйлық беру кеші.
FURIA командасының жас жұлдызы Данил molodoy Голубенко сенбі күні Белградта өткен салтанатты шарада "Жылдың үздік жаңа ойыншысы" атағын жеңіп алды. Қазақстандық снайпер бұл номинацияда Falcons командасынан Максим kyousuke Лукинді және Natus Vincere сапындағы Дрин makazze Шакириді артта қалдырды.
-
Қазақстандық альпинист Орталық Азиядағы әлемнің жеті биік шыңын бағындырған алғашқы әйел атанды
-
Қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи межені бағындырды
Голубенко сахнаға қазақтың ұлттық шапанын киіп шығып, залда отырған өзге командалардың ойыншыларынан зор қошеметке ие болды.
“Бүгін менің туған күнім. Сенім артқандарыңызға рахмет. Маған барлық жағынан қолдау көрсетіп жүрген FURIA командасына алғыс айтамын. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Мен CS-ті жақсы көремін. Алға, Қазақстан!”, – деді ол.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді