Қазақстандық альпинист Орталық Азиядағы әлемнің жеті биік шыңын бағындырған алғашқы әйел атанды
Фото: Желі кадрларынан
Альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында әлемнің барлық құрлықтарындағы ең биік жеті шыңды бағындырған алғашқы әйел атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл жетістігін Антарктидадағы Винсон массивіне көтерілгеннен кейін әлеуметтік желіде бөлісті.
"Екі жылға созылған тарих. “7 шың” жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын, эмоция өте көп", – деп жазды альпинист.
Сондай-ақ ол өзіне қолдау көрсеткен отбасы мен достарына алғыс білдірді.
-
8 мың шақырым: Шымкенттік жігіт Мәдина қаласына велосипедпен жетті
-
"Өмірін қатерге тікті": 9 айлық сәбиімен тауға шыққан альпинистер сынға қалды
Анар Бурашева әлемнің жеті ең биік шыңын: Эверест (8818 м), Аконкагуа (6962 м), Денали (6194 м), Килиманджаро (5895 м), Эльбрус (5642 м), Винсон массиві (4897 м) және Карстенз пирамидасы (4884 м) бағындырды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады