Қазақстандық кәсіпорын табиғатты ластағаны үшін 2,9 миллиард теңгеден астам айыппұл арқалады
Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бірқатар заңсыздықтарды анықтады. Нәтижесінде кәсіпорынға 3 миллиардқа жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Кәсіпорын 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды.
“Осы кезеңдегі барлық эмиссия – атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығындысы (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.) мен 395 мың тонна кәдеге жаратылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен асып кеткен, яғни заңсыз деп танылды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Табиғат қорғау прокуратурасы кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені үшін 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.
Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан