Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ірі компаниялар отандық футболды қаржыландырмақ

Қазақстандық ірі компаниялар отандық футболды қаржыландырмақФото: kff.kz 

2025 жылы Қазақстан үкіметі футболды дамытуға 34,9 миллиард теңге бөлді. Қаражаттың басым бөлігі кәсіби клубтарды қолдауға, қалғаны балалар мен бұқаралық футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бөлінген қаражаттың 31,8 миллиард теңгесі премьер-лига мен бірінші лигадағы кәсіби клубтарды қолдауға, 3,1 миллиард теңгесі балалар және бұқаралық футбол инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді.

Премьер-министр Олжас Бектеновтың мәлімдеуінше, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі қарқын алып келеді. Бұл бағытта мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан футбол федерациясы және жергілікті әкімдіктер жеке сектор өкілдерімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда бірнеше ірі қазақстандық компания отандық футболға инвестиция салуға дайын екендігін білдірген. Атап айтқанда:

- "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ – "Қызыл-Жар" футбол клубын сатып алуға ниетті;

- Freedom Finance – "Шахтер" клубына жаңа стадион мен заманауи футбол академиясын салуды жоспарлап отыр;

- Kaspi Group – "Жеңіс" клубын иемденіп, Астанадағы футбол инфрақұрылымын дамытуға ниетті;

- TAU GROUP LTD (Қызылорда) – "Қайсар" клубын жекешелендіруге қызығушылық білдіруде.


Қазақ футболы, Өзбекстаннан қалып қойды ма? — Спорт сарапшылары жауап берді


“Сонымен қатар, премьер-министр "Тараз", "Елімай" және "Ертіс" клубтарына қатысты да инвесторлармен келіссөздер жүргізілі жатқанын хабарлады. Бектеновтың сөзінше, үкімет 2021–2025 жылдарға арналған футбол клубтарын жекешелендірудің кешенді жоспарын жаңартып, құжатты тиісті мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге дайындап жатыр”, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік аудит және өңірлік бақылау комиссияларының мәліметі бойынша, соңғы жылдары жүргізілген 12-ден астам тексеру барысында 100-ден аса қаржылық заңбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, "Ақтөбе" және "Қызыл-Жар" клубтарында 250 миллион теңгеден астам қаражат мақсатсыз жұмсалып, жемқорлық фактілері анықталған.

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа заңнамаға сәйкес, шетелдік спортшыларды мемлекеттік немесе квазимемлекеттік қаржыландыру есебінен қаржыландыруға шектеу қойылады. Бұдан бөлек, мәдениет және спорт министрлігі өңірлерге бюджеттен бөлінетін қаржы көлеміне шектеу енгізіп, жеке инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеген.

Еске салсақ, осыған дейін "Қайрат" футболшыларына кез келген адамнан сыйлық қабылдауға тыйым салынғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 19:00
Талқылау