Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Белгілі блогер бұрынғы ұлттық қауіпсіздік қызметкерін ұрды деп айыпталды

Фото: bikabreezy-дің желідегі парақшасынан

Ресейдің "Бірінші" арнасындағы "Голос" шоуының төртінші маусымына қатысқан Биназир Ермағанбетова көршісіне, яғни ер адамға жеңіл дене жарақатын келтірді деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық әншінің айтуынша, көршісі оған қарсы шағым түсірген. Өйткені ол өз кезегінде әншіні қол жұмсады деп айыптаған.

Биназир Ермағанбетованың айтуынша, 29 қаңтарда ол өз үйінің ауласында көршісінен соққы алған. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда көршісі оған жұдырықпен соққы жасап, кейін "соғуын жалғастырып, буындыруға тырысқан". Ер адам өзін бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кометитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Осылайша, ол Қылмыстық кодексінің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп танылып, 70 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.

Ал көршісінің қарсы шағымының негізінде Биназир Ермағанбетова Қылмыстық кодекстің 108-бабының 1-бөлігі "Жеңіл дене жарақатын келтіру" бойынша айыпталып отыр.

"Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушілерінің пікірінше, мен көршімді әдейі күтіп алып, қасақана ұрып-соққан екенмін. Бейшараны өлім мен өмір арасында қалдырыппын", – деді Биназир өзінің Instagram-дағы сторисінде.

Биназирдың айтуынша, Медеу аудандық тергеушілері оған психологиялық қысым көрсеткен және істі заңсыз түрде ауыр баппен қозғаған. (108-баптың 1-бөлігі бойынша жаза 200 АЕК-ке (786 400 теңге) дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамау).

"Сонда өзі қорғана алған қыздар қылмыскер болып шыға ма?" – деп күйінді Биназир.

Әнші көршісінің агрессивті мінез-құлқын дәлелдеу үшін көршілермен жазысқан хаттамаларды жариялады. Хабарламалардың бірінде белгісіз әйел адам көршіге қарсы видео-дәлел беруден қорқатынын айтып, алаңдаушылық білдіреді.

Фото: bikabreezy-дің желідегі парақшасынан

"Жалғызбасты анасымын, үйде ер адам жоқ, ал мына адамның қандай әрекетке баратынын кім біледі?" – деп жазған әйел.

Сонымен бірге Биназир көршісінің өз шалбарында әдейі тесік жасап жатқан сәтін бейнежазбаға түсіріп, жариялады. Бұл арқылы ол өзін әнші ұрып-соқты деп айыптамақ болған көрінеді. Шулы оқиғаның басқа да мәліметтерін Биназир кейінірек жариялайтынын уәде етті.

Осы мәселеге қатысты Медеу аудандық полиция департаменті әншіге қатысты іс қозғалғанын растады. Полиция басқармасы тұрмыстық жанжал барысында дене жарақатын салу туралы қылмыстық істі аяқтаған.

"Еске салсақ, бұрын әйелдің өтініші бойынша оқиғаға қатысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда ер адам кінәлі деп танылып, сот үкімі шығарылған. Ер адамның қарсы шағымы аясында қосымша тергеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша әйелге қатысты да қылмыстық іс қозғалған", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Белгілі әнші өзін ұрып-соққан "ҰҚК-нің экс-қызметкеріне" қатысты сот үкіміне наразылығын білдірді


Танымал блогердің үстінен сериалдағы рөлі үшін іс қозғалды


Еске салайық, бұған дейін BikaBreezy лақап атымен танылған әнші әрі блогер Биназир Ермағамбетова көршісінің ұрып-соққанын айтқан еді. Онымен қоймай ер адам бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейтінін айтып қорқытқан. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 16:48
Талқылау