Қазақстандық гимнастшылар Париж Олимпиадасының финалына өтті
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нариман Курбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Курбанов тұтқалы ат снаряды бойынша алтынға таласады. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен 6-орын алды.
Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті. Милад Кариминің нәтижелері:
- көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын (финалға өтті);
- керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын;
- еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)
- шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын;
- қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын;
- қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын;
- тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.
Жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді