Қазақстандық футболшы Испанияда гол соқты
Фото: "Сеута Б" фк
Қазақстандық 22 жастағы шабуылшы Данил Анкудинов Испания чемпионатында ерекше ойынымен көзге түсіп, маңызды гол соқты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Сеута Б" командасы 12-турда "Чикланаға" қарсы матч өткізді.
Ойынның 20-минутында алаң иелерінен Гусман есеп ашып, командасын алға шығарды. Арада небәрі бес минут өткенде Фернандес қарсыластың әлсіз тұсын дәл тауып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда "Чиклана" сапынан Санчес бір гол соғып, есепті қысқартқан еді. Алайда матчтың шешуші сәтінде отандасымыз Данил Анкудинов қарсыластың қорғанысын қапы қалдырып, құрамасына жеңіс сыйлады. Есеп: 3:1.
Осы жеңістен кейін "Сеута Б" 22 ұпай жинап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. Бұған дейін команда "Конильді" 2:0, ал "Атлетико Сентральды" 2:1 есебімен жеңген еді.
Келесі турда Анкудиновтың командасы сырт алаңда "Кордобаның" фарм-клубына қарсы ойнайды. Бұл матч маусым тағдырын айқындайтын маңызды кездесу болмақ.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады

