Қазақстандық ерлі-зайыпты Австралиядағы ойынханадан 613 миллиард теңгеден астам ақша ұрлаған
Фото: Тheguardian.com
Қазақстандық Дильноза Исраилова мен Алишерыхожа Исраилов есімді ерлі-зайыпты Сиднейдегі Crown казиносында жасырын камера мен арнайы құлаққап арқылы 1,18 миллион доллардан, шамамен 613 миллиард теңгеден астам қаржы ұтып алып, алаяқтықтық жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Theguardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, казино қызметкерлері 36 жастағы әйелде Mickey Mouse бейнеленген футболкаға бекітілген кішкене камерасы барын байқаған. Кейін ойынханада әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталды.
“Ерлі-зайыпты “шағын магниттік датчиктер, батареялар және бейнені байқатпай жазатын мобильді телефон құрылғысын”, сондай-ақ “капсулалы құлаққаптарды” пайдаланып, карта ойындарына қалай ставка жасау керегі жөнінде нұсқаулар алған.
Қазақстандық ерлі-зайыпты 2025 жылғы қазан айында Сиднейге келіп, бірден казиноға мүшелікке тіркелген. Екі ай ішінде олар бірнеше рет казиноға барып, ірі ұтыстарға ие болған. Бұл әкімшіліктің күдігі туғызған.
Күдіктілердің Kent Street-тегі пәтерін тінту кезінде полиция басқа да құмар ойындарына арналған құралдар, қымбат зергерлік бұйымдарды және 2 000 еуро тапқан.

Фото: Тheguardian.com
Сотта жұп кепілдеме сұрап өтініш бермеді, сондықтан сот босатудан бас тартты. Дильноза Исраилова ақпанда қайта сотқа келуі керек болса, ал күйеуі 11 желтоқсанда сотқа келуі тиіс.