Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ер адам "Сергек" камерасына мылтықпен оқ атып, сотқа тартылды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысындағы Байзақ аудандық соты “Сергек” камерасын қасақана бүлдірген жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс “бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру” дерегі бойынша қаралған. 

Соттың мәліметінше, күдікті 2025 жылдың желтоқсанында Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ тасжолында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін “Сергек” камерасына пневматикалық мылтықпен оқ атып, қасақана бүлдіргенін анықтады.


Қазақстанда "Сергектен” келген айыппұлды өшіріп беремін" деп алдайтын алаяқтар көбейген


Сот отырысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың бір бөлігін өтегенін айтты. Ал жәбірленуші тарап шығынның толық өтелмегенін мәлімдеді.

Сот азамат М-ні кінәлі деп танып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының кінәсін мойындауы ескерілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін "Сергек" жүйесі көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілерді тіркейтіні туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Қаңтар, 2026 20:55