Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ер адам қайтыс болған экс-жұбайының алдында 9 жыл қарыз болған

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болғанына қарамастан, соған қарыз болып, жалақысынан айырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2016 жылы әйел бұрынғы күйеуінен 7 жасар қызы мен 10 жасар ұлы үшін алимент өндіру туралы сотқа шағымданған. Екі айдан кейін әйел қайтыс болды, ал балалар әкесінің қамқорлығына берілді, олар әлі бірге тұрады.

Өткен жылы ер адам банк шоттары, жалақысы бұғатталып, мүлкі тәркіленгенін анықтады. Сөйтсе әйелі қайтыс болғаннан кейін оған қатысты атқару өндірісі тоқтатылмай, соңғы тоғыз жыл ішінде тоқсан сайынғы алимент бойынша берешек өндіріліп, қарызы 2024 жылдың тамызына дейін екі миллион теңгеден асқанын анықтады.


Бишімбаев 1,6 миллион теңге мөлшеріндегі алиментті қайта қарауды сұрап, сотқа арыз берді


"8 ай алимент төлемеген": Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады


Ер адам жеке сот орындаушысының үстінен сотқа шағым түсіріп, оның әрекетін заңсыз деп тануды, атқарушылық өндірісті тоқтатуды талап етті.

"Сот істі зерттей келе, өндіріп алушының қайтыс болуы – атқарушылық істі тоқтатуға сөзсіз негіз. Жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жалғастыруға заңды негіздері болмаған, сондықтан іс жүргізу қысқартылуға жатады. Әділет министрлігіне қылмыстық іс қозғалып, жеке сот өндірісін тоқтату туралы шешім шығарылды. Қостанай облысы жеке сот орындаушысына шара қолданып, алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеуді талап етті", – деп хабарлады сот.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 11:08
Талқылау