"Ішім ашып тұр": Қазақстандық ер адам "Қайрат" – "Реал" матчының билетіне көлігін айырбастап жіберген

Видеодан скриншот
Қазақстандық ер адам "Қайрат" – "Реал" матчына кіру үшін BMW көлігін айырбастап жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 қыркүйекте өтетін матчқа билет таппаған ер адам көлігін айырбастап жібергенін айтты.
“Көлігін бір билетке ауыстырып жіберді. Жалғыз атын сойды деген – осы” делінген видеода.
Айтуынша, ер адам сайттан билет ала алмаған.
“Билет таба алмадық. Сайттағы сатылым жабылып кеткен. Біреу билет миллион теңге деді. Сосын менің көлігімді аласың дедім. BMW, пятерка. Негізі ішім ашып тұр”, – деді футбол жанкүйері.
Желідегілердің айтуынша, ер адам Шиелінікі екен.
Еске салсақ, жанкүйерлер "Қайрат" – "Реал" матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып шағымданған еді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік

