Қазақстандық ер адам ақшаны ұсақтап беремін деп 20 мың теңгесінен айырылған
Ақтөбеде ер адам көшедегі адамның 20 мың теңгелік купюрасын ауыстырамын деп ақшасыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында бейтаныс әйел ер адамға жақындап, 20 мың теңгелік купюраны ауыстыруды сұраған.
Ер адамда қолма-қол ақша болған, ол әйелге көмектесуге келісіп, оған ақша берген. Орнына 20 мың теңгелік бір банкнот алған. Бірақ ол жалған купюра болып шықты.
Ер адам полицияға хабарласты.
Оны алдап кеткен әйел 55 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Ол алдап алған ақшаға спорттық аяқкиім сатып алғанын мойындады.
“Әйел жәбірленушіге келтірілген шығынды төледі, бірақ сонда да сотқа тартылды. Сот оған 1 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, желіде миллион теңгелік купюралардың видеосы қызу талқыға түскен еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды