Қазақстандық ер адам 120 тонналық бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты
Видеодан скриншот
Шымкентте 52 жастағы пауэрлифтер Артық Досалиев ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол 120 тонналық бес вагонды 21 метрден астам қашықтыққа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Пауэрлифтингтен әлемнің бес дүркін және Азияның сегіз дүркін чемпионы Артық Досалиев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай рекорд жаңартты. Ер адам 100 жеңіл көліктің салмағынан да көп жүкті сүйреді.
Спортшы 2 минут 57 секундта 21 метр 40 сантиметр жүкті сүйреп шықты.
Маңғыстаулықтар қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізбек
Қазақстандық қыз IELTS бойынша әлемдік рекорд орнатты
"Гиннес рекорды кітабы" халықаралық ұйымының өкілдері 52 жастағы ер адамның рекорд жаңартқанын растады.
“Келесі жылы 6, 7, 10, тіпті 20 көлік тартамын деп отырмын. Біз қазірдің өзінде Boeing жүк ұшағын сүйрету бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақтауға жетсек, танкерді сүйрейміз! Мен жастарды ынталандырып, оларға үлгі болғым келеді. Кез келген жаста спортпен айналыса аласыз – 60 жас немесе 70 жаста да болады. Ең бастысы – өзіңізге сену және берілмеу!”, – деді Артық Досалиев.
Еске салсақ, хоккейші Александр Овечкин ҰХЛ-да Грецкидің рекордын жаңартқан еді.

"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі
