Қостанай облысында ер адам енесі мен әйелін өлтіріп, балаларына қол жұмсамақ болды деген күдікпен қамауға алынды

Қостанай облысы Қарабалық ауданында 45 жастағы ер адам әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Оның 10 жастағы ұлы да жараланған. Балалар оқиға орнынан қашып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицейлердің хабарлауынша, 15 шілдеде Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған.
Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғыны ұсталған.
Қазіргі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті оқиға болған жерге жақын маңда орналасқан қорадан жаралы күйде табылған, шамасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оның отбасынан бөлек тұрғаны айтылады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы