Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар Загребтегі Гран-при турнирдің жартылай финалына шықты

Дзюдодан Хорватияның Загреб қаласында басталған Гран-при турнирінде қазақстандық спортшылардың үшеуі жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Ерлер арасында  60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Шерзод Давлатов жартылай финалға өтті. Ол турнир барысында Израильдік Ариель Шульманды және Венгрия мен Украина спортшыларынан басым түсті. Давлатовтың жартылай финалдағы қарсыласы - франциялық Энцо Джин.

Ерлер арасында 66 келі салмақта белдесетін Жанарыс Рахметқали да ақтық сынға өту үшін айқасады. Жанарыс Хорватия мен Сальвадор балуандарын жеңіп, жартылай финалда грузиялық Тенго Зиракашвилимен белдеседі. 

Әйелдер арасында 48 келіде күресетін Ғалия Тынбаева да финалға өту үшін тамаша күрес үлгісін көрсетуде. Қазақстандық спортшы жартылай финалда венгриялық Рита-Ребекка  Кощегимен белдеседі. 

Айта кетейік,  бұл дүрмек олимпиада ойындарынан кейін өтетін ресми турнир болмақ.

Талқылау