Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі “Гранд-Слэм” турнирінде жаппай жеңіліп, жүлдесіз аяқтады

Дзюдодан жылдың екінші “Гранд-Слэм” турниріне қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңіліп, жарысты жүлдесіз аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ел атынан барлығы 14 дзюдошы барған еді. Олардың қатарында Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбай, Мәди Амангелді сынды тәжірибелі балуандар болды. Алайда ешқайсысы жүлдегерлер қатарына іліге алмады.
Айтулы додоның соңғы жарыс күнінде қола жүлдеге таласуға аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев мүмкіндік алған.
Алайда ол белдесуден бас тартты. Ал осы -100 келігt дейін салмақта Өзбекстан намысын қорғаған этникалық қазақ айтулы жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.
Ол 2025 жылы аталмыш додада қола жүлде еншілеген.
Ташкент “Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді
Осылайша жалпы есепте Жапония елі 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медальмен көш бастады. Ал 2-орын 4 алтын, 1 күміс және 2 қоламен Әзербайжан құрамасына бұйырды. Үздік үштікті 1 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде еншілеген Өзбекстан құрамасы түйіндеді.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар 2026 жылдың алғашқы “Гранд-Слэм” турнирінде 3 қола жүлде жеңіп алған.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған