Қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінде медаль иеленді
Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирін үш қола жүлдемен аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әбу-Дабиде дзюдодан Гранд Слэм жарысы аяқталды. Бәсекенің үшінші күнінде қыздар арасында аса ауыр салмақта сынға түскен Назгүл Маратова қола медаль еншіледі. Отандасымыз қола жүлдеге таласта қосымша уақытта Анастасия Холодинадан айласын асырып, алғаш рет мансабында Grand Slam турнирінде медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Сүйеукенов (60 келі) пен Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанған еді.
Талқылау

Қаржылық жағдайы нашарлаған қазақстандықтар алимент төлеуден босатылады: Әділет министрлігі өзгерістерді түсіндірді
Жоғарғы cот алимент өндіріп алуға қатысты нормативтік қаулысына өзгеріс енгізді

Алматы әкімдігі шетелдік туристерге сыйлық үшін 44 миллион теңге жұмсады
Алматы туризм бюросы сувенир, брендтік өнімдер дайындау бойынша 44 миллион 642 мың теңге тендер ұсынды